Ақмола облысында бір айға толмаған сәбиден коронавирус анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында соңғы тәуліктің ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 10 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақкөл ауданында 5 адамнан тұратын бүтін бір отбасының коронвирус жұқтырғаны анықталды. Оның біреуі 2020 жылдың маусым айында туған бала, екіншісі 54 жастағы ер адам және қалғандары 53, 28 және 18 жастағы әйелдер. Бұдан бөлек, Ерейментау ауданында 4 адамнан, яғни 74, 69 жастағы екі ер адам және 68, 54 жастағы екі әйелден індет анықталды. Ал Көкшетау қаласында 57 жастағы әйел жұқтырған», - дейді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, коронавирус анықталған 10 адамның алтауы бұрын жұқтырғандармен байланыста болғандар. «Науқастарға бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес медициналық көмек көрсетіледі. Үй ошағында эпидемияға қарсы дезинфекциялау, сондай-ақ, науқастармен байланысты болған адамдары анықтау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіледі», - деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетейік, жалпы, Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандардың саны 482 адамды құрады.


Соңғы жаңалықтар