Ақмола облысында егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы облыс бойынша астық дақылдарын 15,1 млн гектар егіс танабынан жинау жоспарлануда. Бүгінгі күні 3,1 млн га (21%) жерден астық жиналды. ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы ұйымдастырған баспасөз турына қатысып, Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы егін жинау барысына куә болды.

Жалпы биыл республика бойынша бидай жинау көлемі 20 млн тоннадан асады деп болжануда.

nullЭксперттік əлеует  9 млн тонна деңгейінде бағаланып, оның ішінде 6,0 тоннасы бидай түрінде, 2,1 млн тонна ұн деп есептелуде. Өткен жылдар сияқты бидай өнімдерінің экспорттық көлемі, қазақстандық бидайды дəстүрлі импорттаушы мемлекеттер, яғни Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның және Иранның үлесінде. Сонымен қатар бидайдың белгілі көлемдері Қытай, Италия, Түркия нарықтарына жеткізілетін болады. 

nullРеспубликада бидай сақтаудың жалпы сыйымдылығы 26,7 млн тоннаны құрайды, оның ішінде 13,7 млн тоннасы нан қабылдаушы кәсіпорындарда, ал 13 млн тонна бидай ауыл шаруашылық тауар өндірушілерде. 

  null null    Бүгінгі ауа райының қолайсыздығына қарамастан Ақмола облысының, Целиноград ауданында астық жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр.

null  Аудан бойынша 2018 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері аумағы 202 021,6 гектарды құрайтын дәнді және бұршақты дақылдарды жинайды. Оның ішінде 17 037 га майлы дақылдар, 10 239 га біржылдық шөп,  289 га картоп, 185 га көкөніс бар. null

«Осы тұрғыда ауданымыздың ауыл шаруашылық құрылымына күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін бекітілген бағамен 3900 тонна дизель отыны бөлінді», - деді Ақмола облысы, Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеев.

nullСонымен қатар аудан әкімі тамыз айының аяғы жаңбырлы болуынан дәнді дақылдарды жинау 10-12 күнге тоқтатылғанын, дегенмен қолайсыз ауа-райына қарамастан егінді жинау жұмыстары қарқынды жүріп, ешқандай дәнді дақылдардың шашылуы, құлауы немесе жарамсыз болуға соқтыратын жағдайдың орын алмағанын тілге тиек етті.

null«Бүгінгі таңда 543 астық жинау комбайны жұмыс істеуде, оның 101-і заманауи жоғары өніммен жинайтын комбайн, одан бөлек  126  трактор және 116 автокөлік бар», -деді аудан әкімі.

nullДәнді дақылдарды жинаудың күнделікті өнімділігі 10 500 гектарды құрайды. Осы қарқынмен жұмыс тоқтаусыз жүрген жағдайда  ауыл шаруашылығы мамандары дәнді дақылдарды 19-20 күнде аяқтауды көздеп отыр. Соның нәтижесінде 29 мың тонна астық жинау жоспарлануда. 

Соңғы жаңалықтар