+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Ақмола облысында екі полиция қызметкерінің өліміне кінәлі адамға сот үкімі шықты

2021 жылғы 3 наурыз 14:50
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында екі полиция қызметкерінің өліміне кінәлі адамға сот үкімі шықты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай аудандық соты өткен жылдың қазан айында Щучье қаласында жол аптанынан мерт болған екі полиция қызметікерінің өліміне кінәлі Сергей Воронцовқа қатысты ҚР ҚК 200-бабының 3-бөлігі, 346-бабының 6-бөлігі бойынша айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түрмеде отырып, қылмыстық топ құрған: БҚО-да есірткі сатушылар сотталды СҚО-да әйелін ұрған 180 адам қамауға алынды Алматыда полиция көшеде 2 жасар баласын тастап кеткен ананы іздеп жатыр

Ведомствоның мәліметінше, сот С.Воронцовтың бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанын анықтады. 2020 жылдың 14 қазанында мас күйінде ол анасының көлігін иемденді. Осы көлікті басқара отырып, Воронцов бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамастан сағатына 120 км-ден астам жылдамдықпен өтіп, полицияның қызметтік көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде екі полиция қызметкері қаза тауып, Воронцов көлігінің екі жолаушысының денсаулығына зиян келді. Полиция көлігіне зақым келтіру салдарынан келген шығын 2 893 000 теңгені құрады.

Воронцовтың кінәсі автокөлік жолаушыларының, жол-көлік оқиғасы болған жерге келген полиция қызметкерлерінің айғақтарымен дәлелденді. Олар Воронцовтың жүргізуші орнында болғанын және көлікті басқарғанын көрсетті. Іс бойынша барлық қажетті сараптамалар жүргізілді.

«Сот Воронцовқа орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу мен 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды», - деді ведомстводан.

Сонымен бірге, қаза тапқан полиция қызметкерлерінің әрбір отбасына моральдық зиянды өтеу есебінен 10 миллион теңге, полиция бөлімінің пайдасына келтірілген материалдық залал өндірілді.

Воронцовқа алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT