+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Ақмола облысында ер адам 6 жасар қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті

2021 жылғы 18 сәуір 20:20
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында ер адам 6 жасар қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданында суретке түспекші болған ер адам мен 6 жасар қызы Үлгілі сарқырамасына құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысында демалыс күндері 3 адам суға батып кетті Атырауда Жайыққа батқан 8 жасар бала құтқарылды Қытайдың оңтүстік-батысында тікұшақ көлге құлады

Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды. Онда Зеренді ауданындағы Үлгілі сарқырамасында қызымен бірге ер адамды су ағызып келе жатқандығын көруге болады.

Зеренді ауданы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, сарқырамаға құлаған адам Көкшетау қаласының тұрғыны. Сарқырамада суретке түспекші болған ер адам 6 жастағы қызымен бірге абайсызда суға құлап кеткен. Оларға куәгерлер көмек қолын созды.

«Кеше, сәуірдің 17-сінде сағат 16:35-те Зеренді аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне көкшетаулық 2015 жылы туған қыз бала түсті. Ол жеңіл жарақтан алды, медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді», - деп түсіндірді аудан әкімдігінен.

Әкімдіктің мәліметінше, бұдан басқа зардап шеккендер болған жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT