Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
«Ақмола облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесіліп, 16 келіден астам есірткі заты (гашиш) және 17 миллион 500 мың теңгеден астам ақша тәркіленді. Үш адамнан тұртатын қылмыстық топ Нұр-Сұлтан қаласы және елорда маңындағы аудандар аумағына аса ірі мөлшерде (гашиш) есірткі затын жеткізу, сақтау және өткізумен айналасықан», - деді ведомстводан.
Қазіргі кезде осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі «аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - деді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарманың бастығы, полиция подполковнигі Мейрам Жапбасов.