Ақмола облысында карантин талаптары жұмсарды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Айнагүл Мусинаның өңірде карантин талабын күшейту туралы кезекті қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қауылда сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендердің қызметіне бір келушіге 4 шаршы метрден алғанда толымдылығы 30 пайыздан аспағанда кешкі сағат 22:00 дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«Азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды, сондай-ақ уақытша егу пункттері ұйымдастырылған нысандарды (вакцинациялауға алдын ала жазылған жағдайда) қоспағанда, (қойма үй-жайларынсыз жалпы алаң ескеріледі) ауданы 1000 шаршы метрден астам сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер, аралас тауарлар дүкендері сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтады. Сонымен бірге, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынады» делінген қаулыда.

Сонымен қатар, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шараларды өткізуді тоқтатып, келушілер арасында кемінде 2 метр және кемінде 1 метр қашықтықты сақтай отырып қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне рұқсат беріледі.

«Жазғы алаңдар толымдылығы 50 пайызға дейін, дәмхана, мейрамханалар, дүкендер жанындағы барлар және тағы басқа түрі бойынша (үй-жайда) толымдылығы 50 пайызға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын жағдайда 09:00-ден 20:00 сағатқа дейін жұмыс істейтін болады. Ал асханалардың жұмыс режимі 09:00-ден 24:00 сағатқа дейін анықталып отыр», - делінген қаулыда.

«Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың қызметі осы жаңа қаулының 1-ші қосымшасындағы әлеуметтік-экономикалық нысандардың қызметін шектеу критерийлеріне сәйкес келуге тиіс.


Соңғы жаңалықтар