+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ақмола облысында «Қазақша сөйлейік» клубы ашылды

2021 жылғы 22 шілде 11:03
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында «Қазақша сөйлейік» клубы ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Целиноград ауданының Ақмол ауылында «Қазақша сөйлейік»клубы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі саясат басқармасыне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тәуелсіздіктің 30 жылындағы Шығыс Қазақстанның жетістіктері қандай Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: ШҚО-да жыл соңына дейін 40-тан астам нысан ашылмақ ШҚО-да Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында 3 мыңнан астам шара өткізілді

Ауданның ішкі саясат бөлімінің айтуынша, клубқа барлық ниет білдірушілер келіп, өздерінің мемлекеттік тілді үйрену машықтарын дамыта алады. Аталмыш клуб мүшелері қазақ тілінде сөйлеп қана қоймай, сауатты жаза білуді мақсат етеді.

Сабақтар күн сайын әңгіме мен қарым-қатынаста қолданылатын сөйлемдерді түрлендіруге арналған арнайы әдістеме бойынша өткізіледі. Сабақтарда оқытудың ойын формалары белсенді қолданылады.

Президент «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы, тіпті міндеті деп те айтуға болатынын жеткізді. Осылайша барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарға үндеу тастаған болатын.

«Бүгінде елімізде мемлекеттік тілді үйренемін деушілерге барлық жағдай жасалған. Осы жұмысты жалғастыра отырып, еліміздің мерейтойы қарсаңында ауданымызда қазақ тілін оқыту клубы ашылды. Бұл клубқа әсіресе, өзге этнос өкілдерінің қызығушылығы басым» , - деді ауданның ішкі саясат бөлімінде.

Клуб мүшелері аптасына бір рет бір сағаттан кездесіп отырады.Олардың тіл білу деңгейі мен жас ерекшелігі маңызды емес.

Тегін ұйымдастырылған клуб сабақтарын аудандағы «Тілдерді оқыту орталығының» тәжірибелі, білікті мамандары өткізеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT