Ақмола облысында көпбалалы отбасылар баспаналы болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көпбалалы отбасыларға жаңа пәтердің кілті табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шортанды кентінде жаңадан салынған төрт қабатты тұрғын үйден 36 пәтер көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға беріліп отыр.

Пәтер кілтін аудан әкімі Ғайдар Қасенов тапсырып, қуаныштарымен құттықтады

Ағымдағы жылы Шортанды ауданда 24 көпбалалы отбасы, 12 халықтың әлеуметтік осал тобын тұрғын үймен қамтамасыз ету және ауданда осы санаттағы азаматтардың тұрғын үй мәселелерін кезең-кезеңімен шешу жоспарлануда.



Соңғы жаңалықтар