+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Ақмола облысында коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жағдай тұрақты

2021 жылғы 24 ақпан 19:21
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жағдай тұрақты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында коронавирус инфекциясына шалдыққандар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Ұқсас жаңалықтар
Израильде көшеде міндетті түрде маска тағып жүру ережесі күшін жойды Қазақстанда бір жылда 45 мың бет дәрілік нұсқаулықтар аударылды Коронавирус: Иорданияда вирус жұқтырғандар саны азая бастады

Бұл туралы брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство басшысының сөзінше, 2021 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша бір тәуліктің ішінде 63 адамнан COVID-19 зертхана арқылы расталды. Оның ішінде 27 адамда коронавирус белгілері бар, 36 адамда вирус белгілері жоқ. Коронавирус инфекциясына шалдыққандар санының тәуліктік өсімі 0,5 пайызды құрап отыр. Аудандар бойынша алсақ, Көкшетауда - 23, Бурабайда-11, Есілде-7, Жақсыда-5, Ерейментауда-4,Сандықтауда-4, Целиноградта-4, Біржан салда-4, Зерендіде-1.

«2021 жылдың 17-23 ақпан аралығында COVID-19-дың 517 жағдайы тіркелді, бұл алдыңғы аптамен (525 жағдай) салыстырғанда 1 есе аз (8 жағдайға аз). Пандемия басталғаннан бері облыста COVID-19 індетін жұқтырудың 13305 жағдайы тіркелген, оның 8855-нің белгілері бар, 4450-нің белгілері жоқ. Жалпы, 6504 жағдай (48,8%) азаматтардың өз еркімен қаралуға келген кезінде, 4864 жағдай (36,5%) байланыс арқылы, 1937 жағдай (14,5%) профилактикалық скрининг барысында анықталып отыр.

Айта кетейік, Ақмола облысында коронавирус инфекциясына қарсы отандық вакцина салу жұмыстары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT