Ақмола облысында коронавирустан қайтыс болған адамға қатысты деректер белгілі болды
Белгілі болғандай, 73 жастағы қарт адамның бірнеше созымалы ауруы болған. Ол 2 сәуір күні қайтыс болды. Науқастың коронавирусқа шалдыққаны туралы сот-медициналық сараптамадан кейін анықталды.
Қайтыс болған 1947 жылғы ер адам — Целиноград ауданының тұрғыны. Бұған дейін дисциркуляторлық энцефалопатия диагнозымен тіркеуде тұрған.
Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, биыл 1 наурызда науқастың көп ағзалық дертіне байланысты жағдайы нашарлаған. Бұл ретте тыныс алу, жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі жоғарылап, күретамырлық қысым деңгейінің жоғары болғаны байқалды.
«2 сәуірде науқастың биологиялық өлімі тіркеліп, оның денесі сот-медициналық сараптама үшін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Зерттеу жүргізу кезіндегі секциондық материалда COVID-19 анықталды. Науқас болған жерде эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде, сондай-ақ қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда», - деді С. Ілясов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Ақмола облысында коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды.