+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Ақмола облысында медицина қызметкерлеріне жатақхана берілді

2019 жылғы 2 желтоқсан 16:25
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында медицина қызметкерлеріне жатақхана берілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Ақмола облысының Егіндікөл ауылында медицина қызметкерлеріне арналған жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда биыл көпбалалы аналарға арналған 12 жатақхана пайдалануға беріледі Елорда жатақханада тұрып жатқан мұғалімдер үшін аренда құны төмендетіледі Таразда қонақ үй 500 орындық жатақханаға айналды

Жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстары аудандық аурхана қаражаты есебінен жүргізілген. Ғимараттың шатыры, терезесі, есіктері ауыстырылып, линолеум, кафель төселді. Сондай-ақ, жатын, ас және сантиралық бөлмелері жаңартылып, Егіндікөл ауданында шығарылған кереует, жиһаз стып алынды.


Жатақхананың ашылуы салтанатына аудан әкімі Ерлан Исабеков пен аудандық мәслихат хатшысы Бегендік Әбілов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Аудан әкімдігінің дерегіне сүйенсек, жас мамандарды ауданға тарту шаралары өз жемісін беруде. Биыл аудандық ауруханаға 3 дәрігер мен 3 орта медициналық қызметкер жұмысқа қабылданған. Бұл ауданда мемдициналық қызметкерлердің жағдайын жақсарту бағытында қолға алынып отырған алғашқы баспана.

«Мереке күніне орай, сыйлық жасау дәстүрге айналған. Аурхана мен ауыл тұрғындарының көмегінің арқасында медицина қызметкерлеріне жайлы жатақхана беріліп отыр. Расында да, бүгінгі күні маман тапшылығына баспананың жоқтығы үлкен әсер етеді. Біз бүгін жатақхана беру арқылы осы мәселені шешуде алғашқы қадам жасап отырмыз. Бұл ауруханымыздың материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстарының ойдағыдай жүзеге асырылып жатқандығын білдіреді. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра беретін боламыз. Жатақхана жас мамандарымызға ұнап, ауданымызда тұрақты жұмыс істейді деп үміттенеміз», - дейді хирург дәрігер Жұлдыз Әбуназарова.

Пайдалануға берілген жатақхананың жалпы аумағы 80 шары метрді құрайды. Егіндікөл ауылында барлығы 8 жатақхана бар. Онда дәрігерлерден бөлек, студенттер және жергілікті жұмысшылар тұрады.

Атай кетейік, Ақмола облысында биылғы жылы мемлекеттік қолдаудың шеңберінде медицина саласында 33 жас маман 1 миллион теңге көлемінде жәрдемақы алады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мамандар 100 айлық есептік көрсеткіш бойынша 252 мың теңге алады Сонымен қатар, медицина мамандарының баспана мәселесі де оң шешілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT