+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Ақмола облысында мемқызметке іріктеу процесін бақылау онлайн жүргізілді

2020 жылғы 30 наурыз 00:57
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында мемқызметке іріктеу процесін бақылау онлайн жүргізілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мемлекеттік қызметке үміткерлермен әңгімелесу процесіне бақылау онлайн жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі ашықтық пен айқындық қағидаттарына негізделе отырып, заманауи талаптарды бағындырып, жаңғыртылып, ұтқыр және бәсекеге қабілетті болып келеді. Бұған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарды өткізу ережесіне қатысты соңғы өзгерістер куә. Мысалы, енгізілген өзгерістерге сәйкес қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы үміткерлермен әңгімелесу өткізу мүмкіндігі енгізілген», - дейді ведомстводан.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов Skype арқылы Есіл, Бұланды аудандары және Степногор қаласы әкімдері орынбасарларының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлермен әңгімелесу өткізу бойынша конкурстық комиссияның отырысына бақылаушы ретінде қатысты.

Ведомстводан атап өткендей, конкурс облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілді.

«Әңгімелесу барысында кандидаттарға лауазымдық өкілеттіктерін ескере отырып, сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, әңгімелесу кезеңінде үміткерлер мемлекеттік орган қызметінің бағыттарына сәйкес келетін тақырыптар бойынша эссе жазды», - деп толықтырды мекемеден.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT