Ақмола облысында мемлекетке 1,7 миллиард теңге залал келтірген қылмыстық топ анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының прокуратурасы тауарларды іс жүзінде жеткізбей, жұмыстарды орындамай, жалған шот-фактураларды жазу фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысының тұрғындары аса ірі мөлшерде бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында бизнестің жекелеген субъектілеріне жалған шот–фактуралар жазып берген.

Осыған байланысты өңір прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық істі тіркеп, тергеу амалдарын жүргізу үшін Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырды.

«Тергеу барысында аталған тұлғалардың қарсы әрекеттері арқылы мемлекетке 1,7 миллиард теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілгені анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүдделеріне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды», - деді Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

Осы ретте, прокуратура қызметкерлері тұрғындарға қаржы саласындағы құқық бұзушылықтардан зардап шексе немесе осыған ұқсас жағдайларды білетін болса, бірден Ақмола облысының прокуратурасына 8 (7162) 25-48-94, Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне 8 (7162) 25-62-84 сенім телефондары бойынша хабарласуын сұрайды.


Соңғы жаңалықтар