USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау көрсеткіші жоғары

2021 жылғы 4 желтоқсан 04:48
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау көрсеткіші жоғары

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ерекше қажеттіліктері бар тұлғалармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы орталық мешітінде мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды Алматыда еріктілер күн сайын күш құрылымдарына ыстық тамақ таратады Парламент депутаттары бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударды

Аймақ басшысы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту, инклюзивті білім беруді енгізу, кедергісіз орта құру бойынша ұлттық жоспарды жүзеге асыру туралы айтты.

«Мүмкіндігі шектеулі жандар спорттық өмірге белсенді қатысады, араларында республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері бар. Жерлесіміз Давид Дегтярев Токиода өткен Жазғы Паралимпиада ойындарында пауэрлифтингтен жеңіске жетіп нағыз сенсация жасады, ол ел құрамасының қоржынына жалғыз алтын медальді салды. Жақында ғана ол Тбилисиде әлем чемпионы атанды. Бұл барлық қазақстандықтар үшін маңызды жеңіс», - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Осы ретте, облыс әкімінің кеңесшісі Василий Шиманский мұндай кездесулер мүмкіндігі шектеулі адамдардың түйткілді мәселелерін жедел шешуге көмектесетінін, қоғамдық бірлестіктер ұсынған барлық жобаларды облыс басшылығы тарапынан қолдау табатындығына сенім білдірді.

Аймақ басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мүддесін қорғап жүрген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне алғыс білдіріп, оларға алғыс хаттар табыс етті.

Марапатталғандардың арасында облыс әкімінің кеңесшісі, «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығының төрағасы В.Шиманский, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша облыс құрамасының мүшесі А.Нұрбеков, «Бірлік» Ақмола облысының мүгедектер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Р. Мұқатаев, Чернобыль АЭС мүгедектер мен қатысушыларының қоғамдық ұйымы Ақкөл филиалының төрағасы, мүгедектер ерікті қоғамы Ақкөл филиалының төрағасы В. Дроздов бар.

Кездесуге қатысушылар жауынгерлік өнер қауымдастығының облыстық филиалының қамқорлығымен ашылған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Дарын» спорт кешеніне барды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT