Ақмола облысында наурыздың 31-і күні карантиндік шектеу енгізіледі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында наурыздың 31-нен сағат 19:00 бастап карантиндік шектеу шаралары енгізіледі, деп деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Telegram арнасындағы шұғыл штабына сілтеме жасап.

Облыстағы шектеулер түрі:

Барлық автокөліктер мен азаматтарға Ақмола облысының аумағына кіруге және шығуына тиым салынады, транзиттік жүк автокөліктері және азық-түлік тауарларын тасымалдайтын автокөліктерді есепке алмағанда.

Ірі сауда орталықтары жұмысын тоқтады (ішінде азық-түлік дүкендері мен дәріханасын есепке алмағанда), саябақтар, монша кешендері, шипажай-курортты нысандары, сән салондары, шаштараздар, өнеркәсіптік тауарлар, автомобиль, киім-кешек, құрылыс тауарларын сататын базарлар.

Қоғамдық тамақтану нысандары (азаматтар келмейтін тапсырысты тәулік бойы жеткізіп беру қызметін есепке алмағанда).

Дәріханалар және дәріхана киоскілері штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді.

Облыс тұрғындарына шұғыл қажеттілік болмаса үйден шықпауға, маска тағу және бір реттік перчатка қолданып, қолды антисептикпен жууға кеңес беріледі. Жасы 65-тен асқандарға өзін өзі оқшаулау режимін сақтау ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар