Ақмола облысында Нұрлан Бекенов 89 пайыз дауыс жинады – cайлау

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Сенат депутатының сайлауы өтіп, онда ең көп дауысты (89,5 пайыз) Нұрлан Бекенов жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуовтың айтуынша, сайлауға барлығы 240 депутат қатысып, қалаған үміткеріне дауыс берді.

«Облысымыз бойынша Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттардың арасынан Нұрлан Бекеновті жақтап 213 депутат дауыс (89,5 пайыз) берді. Ал, өзге екі кандидат Айнагүл Балташева мен Нұрлан Жаров 13 (5,46 пайыз) және 12 (5,04 пайыз) дауыс жинады. Сондай-ақ, екі бюллетень жарамсыз деп танылды», - деп хабарлады облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов.


Соңғы жаңалықтар