Ақмола облысында өрттен әкесі мен баласы қайтыс болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында өрт екі адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылы ақпанның 23-де сағат 03:55 минут шамасында Зеренді аудандық өрт сөндіру бөлімінің пультіне Алексеевка ауылындағы үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына Зеренді ауданының және Көкшетау қаласының өрт сөндіру жасақтары жіберілді. Өртті сөндіру және үйдің құрылымын бұзу барысында екі адамның денесі табылды.
«Куәгерлердің сөзінше, қаза болған отағасы өрт кезінде екі баламен үйде болған. Ол балалардың бірін үйден алып шығып, екіншісін құтқармақшы болғанда үйден шыға алмай қалған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 20 адам және 5 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 05:00 минутта ауыздықталып, 06:40-та толық сөндірілді», - деді ведомстводан.
ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде өрттің шығу себебі және адамдардың қаза болуына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, сот медициналық сараптама тағайындалып, өрт - техникалық зертхана зерттеу жүргізуде.
- БҚО-дағы ауылда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды
- Қарағанды облысында боранды күні шығып кеткен ер адамның денесі табылды
- Көкшетауда «Жас дарын» музыканттар байқауы облыстық кезеңнің жеңімпаздары анықталды
- Көкшетауда мемлекеттік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті
-
Семейде 142 жыл бұрын салынған ғимараттағы өрт 17 сағаттан кейін сөндірілді
-
Теміртаудағы жағдай: Жеңіс Қасымбек «АМТ»-ны қатаң сынға алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам