Ақмола облысында Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шаралар өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Өңірде Отан қорғаушылар күні қарсаңында бірқатар мерекелік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара Көкшетау қаласының мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдаудан басталды. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен бірге, аймақ басшысының әскери қызметші әйелдермен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесуі де мазмұнды өтті. Ермек Маржықпаев өзінің құттықтау сөзінде нәзік жандарды құттықтай отырып, олардың адал, қоғамдық маңызды еңбегі үшін алғыс білдірді.

«Тәуелсіздіктің отыз жылында Қазақстанның Қарулы күштері мен құқық қорғау жүйесін дамыту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Қазіргі заманғы әскери және құқық қорғау салаларын әйелдің қатысуынсыз елестету мүмкін емес. Әйелдер кәсіптері тек кадрлық жұмыста, кеңсе жұмысында ғана емес, сонымен қатар тергеу, анықтау, криминалистика және жедел жұмыста да қажет. Қарапайым мамандықты таңдай отырып, сіздер туған өлкеге деген шынайы сүйіспеншілікті және нағыз патриотизмді көрсетесіздер», - деп атап өтті облыс әкімі.

Бұдан әрі, өңір басшысы салтанатты қабылдауға қатысты, оның шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігінің ведомстволық наградаларымен және облыстың әлеуетті ведомстволарының қызметкерлерін алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті.

«Отан қорғаушылар күні Жеңіс күнін мерекелеумен байланысты және бұл кездейсоқ емес, өйткені біздің аталарымыздың, бауырларымыздың және әріптестеріміздің Отан алдындағы еңбегін мойындауымыз керек. Бұл біздің халқымыз ұлы жетістіктерге қабілетті екенін тағы бір еске салады. Бүгін біз еліміздің игілігі үшін қызмет ететіндердің барлығына және қоғамдық тәртіпті, адамдардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау жөніндегі миссияны өз мойнына алып, заңның қорғауында жүргендерге құрмет көрсетеміз және алғыс айтамыз», - деп атап өтті облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде.

Мереке соңында Ермек Маржықпаев 5510 әскери бөлімінде болып, әскери қызметшілерді алдағы мерекемен құттықтады. Шара барысында кәсібилігі мен мінсіз қызметі үшін облыс әкімінің алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен 15 әскери қызметші марапатталды.


Соңғы жаңалықтар