Ақмола облысында полиция 9 сағат жолда қалған қостанайлықтарға көмектесті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының полициясы жолда қалған Қостанай облысының тұрғындарына көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қатты аяз бен температураның төмендеуіне байланысты өңірдің тәртіп сақшылары апта бойы автомобиль жолдарында кезекшілік етіп, жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек қолын созуда.

«Сондай жағдайдың бірі, қаңтардың 16-да тіркелді. Онда Нұр-Сұлтаннан Қостанайға бағыт алған «КамАЗ» жүк көлігі «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 7-ші шақырымында істен шыққан. Көлік жүргізушісі мен жолаушысы тоғыз сағат бойы көмек күткен. Жолай өтіп бара жатқан көліктер тоқтамаған», - деді ведомстводан.

Осы кезде, Ақмола облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары полиция лейтенанты Қуаныш Толтанов пен Мират Шәйімов жол шетінде тоқтап тұрған көлікті көріп, көмекке келген. Анықталғандай көліктің аккумляторы істен шыққан екен. Сол себепті, тәртіп сақшылары жолда өтіп бара жатқан өзге жүк көлігін тоқтатып, сынған «КамАЗ» көлігін діттеген жеріне сүйреп жеткізуге көмектесті.


Соңғы жаңалықтар