Ақмола облысында студентті өлтірген күдіктілер ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында студентті өлтірген 20 және 22 жастағы күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылғы мамырдың 4-де сағат 16:17 шамасында Бурабай ауданының ПБ кезекші бөліміне Щучинск қаласының 46 жастағы тұрғыны арыз түсірді.

Ер адамның айтуынша, мамырдың 3-күні сағат 21:00-де қара түсті «Мерседес-180» автокөлігімен шығып кеткен 19 жастағы ұлы үйіне қайтып оралмаған.

«Осыған байланысты ПБ жеке құрамы жұмылдырылды, іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде аталған автокөлік Щучинск қаласындағы жергілікті үйлердің бірінен табылды», - деді ведомстводан.

Кісі өлтіру оқиғасы бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.

«Бурабай ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлері облыс Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, осы қылмысты жасады деген күдікпен 20 және 22 жастағы ауданның екі тұрғынын әшкереледі. Күдіктілер жасаған қылмысын мойындап, өлтірген адамның денесін қайда жасырғанын көрсетті», - деп толықтырды ведомстводан.

Анықталғандай, жәбірленуші бос уақытында жолаушылар тасымалымен айналысқан. Күдіктілер оны «Индрайвер» қосымшасы арқылы шақыртқан.


Соңғы жаңалықтар