Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы виртуалды көрме өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы виртуалды көрме өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ​Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев қатысты.

«Болашақ сарайы» ғимаратының үлкен экрандары мен мониторларында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің іске асырып жатқан түрлі жобалары, қоғамдық мониторингтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, әлеуметтік зерттеулер, превенция жұмысы, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерістерін цифрландыру мен интеграциялауға бағытталған жұмыстар көрсетілді.

«Жергілікті тұрғындар да, өңір қонақтары да ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ұйымдастырылған аталған көрмені аралай отырып, облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын, қандай нәтижелерге қол жеткізілгенін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің перспективалары белгіленгенін біле алады. Мұндай бірегей тәсіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға кеңінен тартуға мүмкіндік береді деп санаймыз», - деді іс-шара барысында департамент басшысы Мұрат Төлеубаев.

Аймақ басшысының орынбасары Айна Мысырәлімова атап өткендей, аталған іс-шараны «Болашақ сарайы» балалар мен жасөспірімдер сарайында ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Өйткені жаңа ғимараттың жұмысы балалар мен жастарды жан-жақты дамытуға және оқытуға бағытталған және халық арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Көрме ұйымдастырушылары сыбайлас жемқорлықты алдын алуда осындай шаралар арқылы қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға болатынын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар