Ақмола облысында тауарлы-сүт фермасы салынып жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақкөл ауданының Домбыралы ауылында тауарлы-сүт фермасы салынып жатыр. «Ақкөл Агро» серіктестігінің бас директоры Мәди Есқараев 300 бас сауын сиырға арналған нысан ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жыл белгісімен өтіп жатқан ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – бұл Ақмола облысы өмірінің түрлі салаларындағы жетістіктерді белгілеуге мүмкіндік. Ақмолалықтардың жасампаз еңбегі-бұл бүкіл өңірдің дамуы. Облыстың өзі астық қоймасы және ел нарығындағы ет – сүт өнімдерінің негізгі жеткізушісі болып табылады.

«Біз Бурабай ауданында симментал тұқымды 40 бас сиыр сатып алдық. Қазір Германиядан асыл тұқымды сауын сиырларын, сондай-ақ жабдықтарды әкелу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Мемлекет тарапынан субсидия және жеңілдетілген салық қолдауы бар. Ферма іске қосылғаннан кейін жылына 500 тонна табиғи сүт өндіретін боламыз, шикізатты Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Павлодар сүт зауыттарына өткіземіз. Бүгінгі таңда 20 жұмыс орны ашылды», - дейді кәсіпорын басшысы.

Целиноград ауданында «Сивка-Бурка» шаруа қожалығы 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Бес жыл бұрын «Құлан» бағдарламасы бойынша бірнеше бас жылқы сатып алуға несие алдық. Шаруашылық басшысы Игілік Тәлкенов «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 138 бас сауын сиыр, алты бұқа герефорд сатып алғанын айтты. Бүгінде мал басы 400 басты құрайды.

«Өткен жылы мал сою пункті салынды, алдағы уақытта ет өңдеуге кірісуді жоспарлап отырмыз. Келесі жылы жемшөп дақылдарын егуді бастаймыз. Мал басы болашақта мыңға жеткізу жоспарда бар. Мемлекет субсидиямен көмектеседі», - дейді Игілік Тәлкенов.

«Айдар» шаруа қожалығы Ерейментау ауданы Новомарковка ауылының маңында орналасқан. Биыл егістік алқабы 400 гектардан 600 гектарға дейін ұлғайтылды, 300 гектар жүгері, 150 гектарға судан шөбі, 150 гектарға жоңышқа егілді. «Жаңа береке» ЖШС бордақылау алаңындағы үш мың бас ірі қараға малға жем-азық дайындауда. Ал, осы ауылдағы «Новомарковка Агро-2010» ЖШС директоры Серік Ізбасаров биыл 12 мың гектар жерге дәнді дақылдар егілгенін, үш мың гектар жер жыртылғанын айтуда.

«Өткен жылы біз дәнді дақылдарды тазалау және кептіру бойынша жабдық орнаттық. Астық қоймасы жөнделді. Субсидия түрінде қолдау көрсеткені үшін мемлекетке алғысымыз шексіз», - дейді серіктестік директоры.

Айта кетейік, Ақмола облысы еліміздің аграрлы өңірлерінің бірі саналады. Биыл облыс диқандары алғашқылардың бірі болып тұқым себу жұмыстарын аяқтады.


Соңғы жаңалықтар