Ақмола облысында үш ірі құс өсіруші компания тауық жұмыртқасының бағасын төмендетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысында үш ірі құс өсіруші компания тауық жұмыртқасының бағасын төмендетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, «ҚАЗГЕР-ҚҰС» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «АгроИнвест-2015» ЖШС тауық жұмыртқасының бағасын төмендеткен.

«ҚАЗГЕР-ҚҰС» ЖШС бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің хабарламасын орындап, бірінші санаттағы он тауық жұмыртқасының бағасын 40 теңгеге төмендетті», делінген хабарламада.

Бұған дейін департамент хабарламасын «Ижевский» ӨК, «АгроИнвест-2015» ЖШС орындап, Ақмола облысының шекарасында 1 санаттағы тауық жұмыртқасын сату бағасын төмендетті.

Еске сала кетсек, Шымкент және Ақмола облысында жұмыртқа өндірушілер бағаны 5 пайызға төмендетті. Ал, бұған дейін Сауда министрлігі жұмыртқа бағасының неліктен өскенін түсіндірді.



Соңғы жаңалықтар