Ақмола облысында жергілікті тұрғынды атып кеткен малшы ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Біржан сал ауданының тұрғынын өлтіруге оқталған күдіктіні ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылғы қазанның 9-ында Біржан сал аудандық ПБ кезекші бөліміне жылқы шаруашылығымен айналысатын жергілікті ЖШС-нің 55 жастағы директоры хабарласып, шаруашылық аумағында қылмыс жасалғанын айтқан.

«Анықталғандай, аталмыш серіктестік аумағында 56 жастағы жергілікті тұрғынға мылтықтан оқ атқан. Ол «оң аяғының жамбас тұсында, сол қолының шыбық тұсында оқ жарақаты» диагнозымен аудандық ауруханаға жатқызылды»,- деді ведомстводан.

Тергеу барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады, ол осы шаруашылықтың малшысы, бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, ішкі істер органында есепте тұрған 26 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Күдікті қылмыс жасалған жерден қашып, жол-жөнекей автокөліктерге отырып Целиноград ауданының Талапкер жетеді. Кейін жаяулап Максимовка ауылына барғанында тәртіп сақшылары оны қолға түсіреді.

«Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 24-ші бабының 3-бөлігі, 99-шы бабының 1-бөлігі «адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар