Ақмола облысында жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол-көлік оқиғасынан полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты мамырдың 31-де сағат 05:00 шамасында «Көкшетау-Рузаевка» тасжолының бойында болған. Белгілі болғандай, «Toyota Camry» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай көлік жолдың шетіндегі жыраға құлаған. Соның салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмса, екі жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

«Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабының 3 бөлігі бойынша (көлiк құралдарын басқарушы, тұлғаның жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережесін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізулде. Өзге ақпараттар тергеу мүддессі үшін жарияланбайды», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.


Соңғы жаңалықтар