+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Ақмола облысында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты

2019 жылғы 23 қараша 00:57
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Шортанды ауданы аумағында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтаудағы оқиға: Сәби күтушісінің үйінде көз жұмған Өскеменде көктайғақтан 130-дан астам адам зардап шекті Нью-Йорк полициясынан Қазақстан азаматының ұсталғандығы туралы ресми ақпарат түскен жоқ - ҚР СІМ

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты қарашаның 22-сінде 21:16-да Шортанды стансасында болды.

««Ауди-80» автокөлігі «Нұр-Сұлтан – Көкшетау» бағытындағы №3473 жүк пойызының (құрамында 59 вагон бар) локомотивімен соқтығысты. Жол апатынан жеңіл көліктің жолаушысы Ф.Н.Дәуренбекова дене жарақатымен ауруханаға түсті. Ал 1984 жылғы жүргізушісі П.Б.Дәуренбеков дәрігер қараған соң үйіне жіберілді. Жол апатынан өзге пойыздардың қозғалысына кедергі келген жоқ», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT