Ақмола облысында жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде 232 жоба жүзеге асырылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде құны 45 миллиард теңге болатын 232 жоба жүзеге асырылып, 11 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың өңірде карантин талаптарының сақталуына байланысты мәселелер туралы өткізген брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жалғасуда, жаңа үйлер салынып, әлеуметтік нысандар жөнделіп жатыр. Биылғы жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде құны 45 миллиард теңге болатын 232 жоба жүзеге асырылып, 11 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Оның ішінде, облыстың даму үрдісіне атсалысатын ата-аналарға жағдай жасау үшін мектепке дейінгі ұйымдарда кезекшілік топ ашуға рұқсат берілді. Қазіргі кезде, 12 мың баланы қамтитын 699 кезекші (12403 бала – барлық баланың 35 пайызы) жұмыс істеуде, сонымен бірге, балаларға көмек көрсететін мемлекеттік ұйымдарда бар», - деді Ермек Маржықпаев.

Аймақ басшысы атап өткендей, сонымен бірге, төтенше жағдай кезінде болған қатты дауылдан қираған нысандарда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

«Сәуірдің 7-де өңірде болған қатты дауылдан жүздеген нысанға зиян келіп, екі адам қаза тапты. Шығынды есептеу бойынша арнайы комиссия құрылды. Қазір оларды қалпына келтіріп жатырымыз. Екі-үш ай ішінде аталған жұмыстар аяқталады»,-деп толықтырды Ермек Маржықпаев.


Соңғы жаңалықтар