Ақмола облысының диқандары егін орағын 80 пайыздан асырды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының диқандары күзгі егін орағы жұмыстарының 81,1 пайызын еңсерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күнге дейін облыста 3673,7 мың гектар алқаптың егіні орылып, оның 2938,9 мың гектары бастырылды. Бұл - тиісінше барлық егіс алқабының 81,1 пайызы болып отыр.

«Облыс бойынша әр гектардан орта есеппен 8 центнерден астық жиналуда. Ал, астықты өңірлер Сандықтау және Зеренді аудандарында бұл көрсеткіш 11,2-10,8 центнерден асып отыр. Орақ науқанының 84,7 және 80,7 пайызын еңсерген Есіл және Жақсы аудандарының диқандары көш бастап келеді»,- деп көрсетілген хабарламада.

Еске сала кетсек, биылғы жылы облыс бойынша себілген ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі 4530,4 мың гектарды құрайды. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақ дақылдары, майлы дақылдар, мал азығы, картоп және көкөніс бар.



Соңғы жаңалықтар