Ақмолада 1,3 мың адам мемқызметтегі бос лауазымдар конкурсына қатысты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 1 300-ден астам адам мемлекеттік қызметте бос лауазымдарға орналасу конкурстарына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызметте лауазымдарға тағайындалу конкурстық негізде іске асырылады.

Соның өзінде, мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығы мен объективтілігі қамтамасыз етілген. Үміткерлермен жүргізілетін барлық әңгімелесуге тәуелсіз бақылаушылар қатысады. Сонымен қатар, әрбір конкурсқа қатысушымен әңгімелесудің барысы техникалық жазу құрылғыларының көмегімен бейнежазбаға түсіріліп, қатысушыларға да өз құрылғысымен жазу құқығы беріледі.

Жыл сайын бос лауазымдарға орналасу бойынша конкурстардың қатысушылар саны артуда. Ол азаматтардың мемлекеттік қызметке іріктеу үрдісіне деген сенімін білдіріп отыр.

Биыл облыс бойынша конкурстарға 1300 астам адам қатысып, 841 адам лауазымдарға тағайындауға ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар