Ақмолада алаяқ куәлік әперем деген сылтаумен 307 мың теңгені жымқырған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі А. Сүйіндіковке қатысты тергеу жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

«Ол азаматша Е.А.Воронинадан ұлы Р.Е.Минеевтің атына ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебінде оқуды аяқтағаны туралы куәлік бермек болған. Ол үшін Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы лауазымды тұлғаларына пара беремін деген сылтаумен әйелдің 307 мың теңгесін алаяқтық жолмен иемденді деп айыпталған» делінген хабарламада.

13 ақпан күні Көкшетау қалалық сотының үкімімен Сүйіндіковке 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ол мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.


Соңғы жаңалықтар