+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Ақмолада кейуананы үйінің кіре берісінде тонаған күдікті ұсталды

2019 жылғы 9 қазан 18:26
Бөлісіңіз:
Ақмолада кейуананы үйінің кіре берісінде тонаған күдікті ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 84 жастағы кейуананы үйінің кіре берісінде тонап, 100 мың теңгеден астам ақшасын қолды қылған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында шет ел азаматын өлтірген қылмыстық топ ұсталды Қызылордада бірнеше адамды алдаған алаяқ сотталды Көкшетауда біреудің атына онлайн несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Ведомствоның мәліметінше, қазанның 08-де сағат 16:10 шамасында Көшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне хабар түскен. 84 жастағы қарияның сөзінше, белгісіз жас жігіт оның 100 000 теңгеден астам ақша салынған сөмкесін күштеп тартып алып, тайып тұрған. Зейнеткер абдырап қалмай бірден полицияға хабарласып көмек сұраған, тіпті, күдіктінің үстіне киген киімдеріне дейін айтып берген.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары қылмыс орын алған аумақта орнатылған бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеріп, патрульдік полиция жасақтарына хабарлады. Бейнебақылау камерасы арқылы күдікті анықталып, Көшетаудағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Күдіктіден қарияға тиесілі құжаттар мен ұрланған ақша табылып, заңды иесіне қайтарылды», дейді ведомстводан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT