Ақмолада өрт шыққан үйден 62 жастағы ер адамның денесі табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Аршалы ауданында өрт шыққан үйден 62 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, мамырдың 20-да сағат 16:39 шамасында Аршалы кентіндегі Митченко көшесінің бойындағы тұрғын үйде өрт шыққаны туралы ақпарат түскен.

«Дереу оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жатын бөлмеге өрттен ішінара зақым келгенін анықтады. Сонымен қатар үйден 1958 жылғы ер адамның денесін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына ер адамның төсекте жатып темекі шегуі себеп болған» дейді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметі атап өткендей, көз жұмған ер адамға жарты жыл ішінде үш рет өрт қауіпсіздігі ережесін түсіндіру жұмыстары жүргізілген.


Соңғы жаңалықтар