Ақмолада жаңа бизнес идея үшін 640 грант жоспарланып отыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жаңа бинес идеяларды жүзеге асыру үшін грант беріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күні «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 35 адам грант алды.

Айта кетейік, бұл жобаға жұмыссыз жүргендер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар және шағын қалаларда, ауылдық жерлерде тұратындар қатыса алады.

Жобаға қатысу үшін «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқудан өткендігі туралы сертификатының болуы тиіс. Жыл соңына дейін кәсіпкерлік негізі бойынша 1363 адамды оқыту жоспарланған.

Соның бірі – Шортанды ауданының тұрығыны Әзиз Махмед. Ол 2019 жылы кәсіпкерлік негізі бойынша білім алып, «Еңбек» тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша автожуу құрылысы үшін 4 миллион теңге шағын несие алды. Нәтижесінде 2020 мамыр айында көлік жуу орнын ашты.

«Өзім сияқты жастарға айтарым, мемлекет тарапынан өзін өзі дамытып, алға қойған мақсатыңа жету үшін тамаша мүмкіндік жасалып отыр. Ең бастысы мақсат қою», - дейді Әзиз Махмед.

Ведомстводан атап өткендей, Ақмола облысында қазіргі кезде 51 шағын несие алған, жыл соңына дейін тағы 750 адамға беру жоспарланған. Өткен жылы облыс бойынша барлығы 645 бизнес бастауы үшін қаражат алды.


Соңғы жаңалықтар