Ақмолада жылына 40 тонна қоян етін өндіретін ферма ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік мерекесіне орай Степногор қаласына қарасты Изобильное ауылында жылына 40 тонна қоян етін өндіретін ферма ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, «Diet-kroliк» қоян фермасын ашқан - кәсіпкер Николай Андриенко. Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі заманға сай жабдықталған фермада бір мезгілде 5 мың қоян ұстауға болады. Осы арқылы жылына 40 тонна қоянның диеталық етін өндіру жоспарланған.

Қазіргі кезде Ақмола облысы және Ресейден етті бағыттағы 60-тан астам қоян сатып алынды.

«Алдағы 2020 жылдың сәуір айынан бастап алғашқы өнім қала дүкендерінде сатыла бастайды», - дейді ферма басшысы Николай Андриенко.

Ферманың ашылуына Степногор қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметов қатысып, кәсіпкердің қолға алған жұмысына сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар