Ақмолалық палуан белбеу күресінен Қазақстан чемпионы атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық палуандар белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында үздік нәтиже көрсетті. Жерлестеріміз алтын және қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында белбеу күресінен ҚР Чемпионаты өтті. Қатысушылар шеберліктерін шыңдап, тәжірибе жинақтады.

«Белбеу күресі – ежелгі күрес түрі. Спортшылар жекпе-жек кезінде бір-бірін белбеуден ұстап, белдеседі және әрқайсысы өз қарсыласын жығуға, жеңуге тырысады. Жылдамдығы, ептілігі және физикалық дайындығы мықты палуан ғана жеңіске жете алады. Ақмола облысының палуандары қарсыластарының мықтылығына қарамастан, жоғары нәтиже көрсетті. Оның ішінде 68 келі салмақта боз кілемге шыққан Қуанбек Аслан Қазақстан Республикасының чемпионы атанса, Есмұхамбет Серік қола жүлдеге қол жеткізді», - дейді Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.


Соңғы жаңалықтар