Ақмолалық ұстаздар халықаралық байқауда жүлдегер атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының ұстаздары Халықаралық шығармашылық байқауында командалық есепте жүлделі үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, желтоқсанның 1-2 күндері Алматы қаласында Математика мұғалімдерінің республикалық қауымдастығының ұйымдастыруымен математика, физика және информатика пәндері бойынша VII-ші Халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Шараға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Республикаларынан барлығы 170 мұғалім қатысты.

«Жалпы, командалық есепте Ақмола облысы командасы жүлделі 3-ші орын алды. Оның ішінде Бурабай ауданындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Дмитрий Лозинский 2-ші дәрежелі дипломмен, Көкшетаудағы М. Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Еркін Хавдеш 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, облыстан барған 6 мұғалім пән бойынша жүйелі және сапалы жұмысы мақтау қағазына ие болды», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар