Ақмолалықтар үшін аритмологияны емдеудің жаңа әдістері қолжетімді болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының интервенциялық аритмология бөлімінің меңгерушісі, Қазақ аритмологтар қоғамының президенті, ҚР ДСМ штаттан тыс бас аримологы, медицина ғылымдарының доценті, профессор Аян Әбдірахманов Ақмола облыстық көпсалалы аурухана базасында (МОБ) дефибриллятор-кардиовертерлерді имплантациялау бойынша шеберлік сыныбын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Уақытша трасвенозды электрокардиостимуляторларды және тұрақты бір камералы және екі камералы кардиостимуляторларды имплантациялау МОБ-да 2012 жылдан бастап жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда ақмолалықтарға 120 тұрақты электрокардиостимулятор имплантацияланды. Кардиовертер-дефибрилляторлардың айырмашылығы неде? Олар жүрек ырғағының үдеуінде көрінетін қауіпті бұзылуларды емдеуге арналған. Бұл бұзылулар қарыншалық тахикардия және қарыншалық фибрилляция деп аталады. Егер бұл жағдайда дереу шара қолданылмаса, науқастың өліп кетуі мүмкін, өйткені, әдетте, қарыншалық фибрилляция кенеттен жүрек ұстамасына әкеледі.

Ақмола облысына Нұр-Сұлтан қаласынан Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың интервенциялық аритмология бөлімшесінің меңгерушісі, Қазақ аритмологтар қоғамының президенті, Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығының ұлттық қоғамдар комитетінің тең төрағасы (EHRA ESC) 2020-2022, жүрек ырғағы қоғамының мүшесі (HRS, USA), ҚР ДСМ штаттан тыс бас аримологы, медицина ғылымдарының доценті Аян Әбдірахманов келді. Сондай-ақ, профессор «кардиовертер-дефибрилляторды имплантациялауға пациенттерді іріктеу критерийлері» дәрісін оқыды.

Кенеттен жүрек өлімі және оның алдын алу туралы өңір кардиологтарына Кардиология және ішкі аурулар институтының Кардиология және оңалту бөлімінің меңгерушісі, жүрек кемістігі бойынша Еуропалық қауымдастық президиумының мүшесі, PhD Әмина Рақышева айтып берді.

«ҚР жетекші кардиохирургиялық клиникасының Денсаулық сақтау саласына атсалысқаны біз үшін қуантады. Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың арқасында денсаулық сақтау көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды деп айтуға болады. Осыдан 15-20 жыл бұрын дәрігерлер дәрменсіз болған науқастардың бүгінде емделіп шығуына мүмкіндігі бар. Орталық базасында ҚР-да алғашқы жүрек трансплантациясы жүзеге асырылды. Ол еліміздің барлық кардиохирургиялық қызметінің жаңашыл, флагманы және локомотиві болып табылады. Пандемияның осындай ауыр кезеңінде де ол ең ауыр науқастарға көмек көрсететін орталыққа айналды», - деп атап өтті өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, ақмолалықтарға бұрын өңірде жүргізілмеген оталар қолжетімді болады.

«Қазіргі заманғы технологиялардың арқасында біз әртүрлі эндоваскулярлық араласулар жасай аламыз, соның ішінде жүрек аритмиясы. Бұл мастер-класты біз одан әрі пайдаланып, жүзден астам адамның өмірін сақтап қаламыз деп есептеймін», - деп толықтырды Нариман Сыздықов.

«Бүгінгі тақырып кенеттен жүрек өлімінің алдын алуға арналған. Шеберлік сабағына кардиологтар келіп отыр. Жүрек өлімінің алдын алу әрқашан өзекті. Өлім-жітім бойынша ол басқа аурулар мен пандемияға қарамастан бірінші орында тұр», - деп бөлісті Аян Әбдірахманов.

Атап өтілгендей, келесі аптада облыс МОБ базасында University Medical Center-мен меморандумға қол қоюды және одан әрі мастер – кластар өткізуді жоспарлап отыр.

«Бұл ауруханада бізде ең даярланған персонал мен база бар, ол өңірдің жаңа технологияларын енгізу бойынша негізгі алдыңғы қатарлы клиника болып табылады», - деп толықтырды Нариман Сыздықов.



Соңғы жаңалықтар