+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ақмолалықтардың 18 пайызы коронавирус вакцинасын алды

2021 жылғы 22 маусым 12:52
Бөлісіңіз:
Ақмолалықтардың 18 пайызы коронавирус вакцинасын алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында вакцинация науқаны басталғаннан бері 95 094 адам егілді, бұл - тиісті халықтың жалпы санының 18 пайызы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Кәсіподақтар федерациясы жұмыскерлерге вакцинация мәселесі бойынша үндеу жасады Нұр-Сұлтанда вакцина алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады Қызылордада коронавирус жұқтырғандардың басым көпшілігі - вакцина алмағандар

Ақмола облысында 131 егу пункті және вакцинациялауға арналған 120 мобильді бригада жұмыс істейді.

Бұдан басқа, 11 жылжымалы медициналық кешен (Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград аудандары) іске қосылды.

«Бүгінгі таңда бізде 809 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 427 адам стационарлық емделуде, 47 ақмолалық реанимацияда, оның төртеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», – деп хабарлады Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов.

Спикердің айтуынша, әдетте, ауыр науқастар - ілеспе аурулары бар егде жастағы адамдар.

Н.Сыздықов вакцинаның адам ағзасының репродуктивтік жүйесіне әсері жөніндегі барлық қауіпті жоққа шығарып, бүгінгі күні коронавирусқа қарсы вакцинаның қандай да бір органдарға жанама әсері туралы бір де бір шынайы дерек жоқ екенін атап өтті.

«Егу науқаны басталғаннан бері үш вакцинаның бірінші компонентінің 160 100 дозасы алынды, 95094 адам егілді, бұл - жалпы халықтың 18 пайызы. Үш вакцинаның екінші компонентінен 104100 доза алынды, 59 384 адам егілді (бірінші компонентті алғандардың 62 пайызы), бұл облыс халқының 11 пайызы», - деп толықтырды Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Серік Омарханов.

Ақмола облысында бүгінде төрт вакцинамен вакцинация жүргізілуде, оның соңғысы - Corona Vac – жақында пайда болды.

Сонымен, егу науқаны басталғаннан бері 115600 доза «Спутник V» алынды, бірінші компонент 68409 адамға егілді, бұл 59 пайызды құрайды.

Аймаққа отандық QazVac вакцинасының 2000 дозасы жеткізілді, 1626 (80 пайыз) егілді және 30500 xayatvak дозасы, 24975 (82 пайыз) егілді.

Corona Vac вакцинасының 12000 дозасы келіп түсті, 84 адам егілді (0,7 пайыз).

Облыста егілгендер арасында вакцинациядан кейінгі асқынудың қандай да бір жағдайлары тіркелген жоқ.

Қызба, инъекция орнында орташа ауырсыну және әлсіздік болуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT