Ақмолалықтардың 50 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алды
«Бүгінгі таңда коронавирус пандемиясымен күресудің бір ғана тиімді жолы бар, ол - вакцинация. Сондықтан қазіргі кезде біздің облыста 300 мыңнан астам адам вакцинацияланды - бұл вакцинациялауға жататындардың 64 пайызы, яғни бірінші компонентін алғандар. Екінші компонент 58 пайыз адамға егілді. Бұл жұмыс тұрақты негізде жалғасуда. Бизнес те қосылды. Бүгінде бизнес адамдарды вакцинациялауға ынталандырады»,- деді Ақмола облысының әкімі ОКҚ көшпелі баспасөз мәслихаты барысында.
Сондай-ақ, аймақ басшысы өңірге өткен аптада 35 мыңнан астам Pfizer вакцинасы жеткізілгенін атап өтті.
«Бүгінгі таңда ата-аналардың жазбаша рұқсатымен 1000-ға жуық бала вакцинациялауға дайын, олардың 500-і вакцинациядан өтті. Алғашқы болып Көкшетау қаласының медициналық колледжінің студенттері егілді. Ревакцинация басталды. Нәтижелер бар», - деп нақтылады Е.Маржықпаев.
Бұған дейін әкім өңірдегі коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, азаматтардың басым бөлігі карантиндік шектеулерді сақтамайтынын атап өткен болатын.
Бүгінде облыс «қызыл» аймақтан «сарыға» ауысып отыр.