Ақорда «Жер сағаты» акциясына қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақорда «Жер сағаты» акциясына қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін, яғни, 27 наурыз күні «Жер сағаты» жаһандық акциясы аясында әлемнің мыңдаған қаласында жарық өшіріледі. Бұл акцияның мақсаты – адамдарды жер бетіндегі ресурстарға жанашырлық танытуға шақыру. Осы игі шараны қолдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін еліміздегі бірқатар ірі нысандардың, соның ішінде, Президенттің «Ақорда» резиденциясының сыртқы жарық шамдары сөндіріледі. #EarthHour»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін ҚазАқпарат «Жер сағаты» ауқымды экологиялық акциясы өтетінін хабарлаған болатын.
Соңғы жаңалықтар