+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Ақпанда із-түзсіз жоғалған атыраулық жігіттің денесі табылды

2021 жылғы 19 сәуір 13:57
Бөлісіңіз:
Ақпанда із-түзсіз жоғалған атыраулық жігіттің денесі табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Ақпан айында із-түзсіз жоғалып кеткен атыраулық жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Атырауда бір күнде 2 192 адам вакцина салдырды Қарағанды облысында бір ай бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды Атырауда 3 тоннадан астам балық құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Атырау қаласына орналасқан Қайыршақты ауылының тұрғыны Наурыз Әйтекешев 5 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Ал, 6 ақпанда кештен бастап полиция мен құтқарушылар 30 жастағы жігітті іздеуге кірісті. Алайда осы кезге дейін оның еш дерегі шықпаған еді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі айдан астам іздеуде болған жігіттің денесі өткен сенбіде, 17 сәуірде сағат 13:00 шамасында табылған.

«Жоғалған жігіттің денесі «Атырау-Индер» бағытындағы жол бойында, Талқайраң елді мекені аумағында орналасқан шаруа қожалығының контейнерінен табылды. Мүрдені қарау кезінде дене жарақаты байқалмады. Мүрде сараптамаға тапсырылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT