АҚШ сенаторлар тобы қару-жарақ сату ережелерін күшейтуге келісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-Демократтар мен республикашылар 21 жасқа толмағандарға қару сату ережелерін біршама қатайтуға келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com сайтына сілтеме жасап.

Демократиялық және Республикалық партиялардың сенаторлар тобы атыс қаруын сату ережелерін қатаңдату туралы ұсыныстар дайындады . 20 сенатор бұл бастаманы жексенбі, 12 маусымда жариялады.

Сенаторлар 21 жасқа дейінгі қару-жарақ сатып алушылардың өмірбаянын тексеруді күшейтуді, мемлекеттің қару-жарақтың қауіпті деп танылған адамдардың қолына түсуіне жол бермеу үшін ресурстарды көбейтуді, ұлттық дерекқорға тұрмыстық зорлық-зомбылық пен тыйым салу туралы мәліметтерді қосуды ұсынды.


Соңғы жаңалықтар