АҚШ-та 13 жасар бала көлік айдап, апатқа ұшырады – тоғыз адам мерт болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Техас штатында он үш жастағы бала көлік жүргізіп, салдарынан тоғыз адам мерт болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN телеарнасына сілтеме жасап.

Пикаптың рулінде болған он үш жасар жүргізуші микроавтобуспен соқтығысқан. Автобус ішінде гольфтен университет командасы мен оның бапкері болған.

АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі (NTSB) төрағасы орынбасарының айтуынша, апаттан кейін екі көлік жана бастаған. Алты студент, олардың бапкері мен көлік жүргізушілері қаза тапты.

Алдын ала деректер бойынша, пикаптың алдыңғы доңғалағы жарылып, соның салдарынан ол жолдың қарсы бетіне шыққан болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар