АҚШ-та ірі мұнай қоймасы өртеніп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатындағы ірі NuStar Energy мұнай қоймасы отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Fox News телекомпаниясына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, тілсіз жауды ауыздықтауға 200 өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Мұнай қоймасы Крокетт елді мекенінде орналасқан. Жергілікті өрт сөндіру басқармасы үш резервуардың жанып кеткенін мәлімдеді. Кей деректерге қарағанда, резервуарлардағы мұнай емес, этанол.

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, ешкім зардап шекпеген. Билік жергілікті тұрғындардан көшеге шықпауын әрі есік-терезелерді тас жауып алуын сұрап отыр.

Фото: segodnya.ua

Соңғы жаңалықтар