АҚШ-та қару ұстауды бақылау күшейтілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-та бүкіл ел аумағында «Өз өміріміз үшін маршқа шығайық» митингі өтті. Ол атыс қаруын қолдану арқылы зорлық жасауды тоқтатуға және елде қару ұстауға бақылауды күшейтуді ұран еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

«Өз өміріміз үшін маршқа шығайық» ұйымдастырушыларының мәліметінше, наразылық АҚШ аумағындағы 450 жерде бір уақытта өткен және оған 50 мыңнан астам адам қатысқан. Марш Техас штаты Ювалда қаласындағы, Нью-Йорктің Буффало штатындағы және тағы басқа штаттарда жаппай адам өлтіру ісінен кейін басталды. Бұдан бөлек, демократтар бақылайтын Өкілдер палатасы қару-жарақты бақылау туралы жаңа заң қабылдады. Бірақ Сенат қалыс қалды. Конгрестің жоғарғы палатасында қабылдану үшін кем дегенде республикашылардың 10 дауысы қажет. Алайда олар бұл шектеулер АҚШ Конституциясының екінші түзетілімін – қару алып жүру құқығын бұзады деп есептейді.

Ресми органдардың мәліметінше, биыл АҚШ-та атыс қаруын қолданумен байланысты оқиғалар салдарынан 19 300-ден астам адам мерт болған. Олардың жартысынан астамы өз-өзіне қол салған.


Соңғы жаңалықтар