АҚШ-та тұмау өршіп тұр: 15 млн адам ауырып, 8 мыңнан астамы көз жұмған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем пневмонияның жаңа түрінің таралуынан дүрлігіп жатса, АҚШ халқы елдегі тұмаудың жоғары қарқын алуына алаңдаулы, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

2019-2020 жылдардағы маусымда осы аурудан елде 8200 адам қайтыс болған. Олардың арасында 54 бала бар.

Биылғы маусымда 15 млн адам осы дертке шалдыққан. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) тұмаудың қарқындылығы соңғы 11 апта ішінде артып келе жатқанын және бұның әлі де сақталатынын хабарлады.

Орталықтың мәліметінше, АҚШ-та тұмаудан және оның асқынуынан жыл сайын кемінде 12 мың адам көз жұмады, ал 2017-2018 жылдардағы маусымда 61 мың адам қайтыс болған, 45 млн адам ауырған.


Соңғы жаңалықтар