АҚШ-тың Индианаполис қаласында белгісіз біреу жеті адамды атып, жарақаттады

None
None
ИНДИАНАПОЛИС. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Индианаполис қаласындағы әуежайдың қасында орналасқан FedEx пошта компаниясының аумағындағы атыста 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Зардап шеккен жеті адам ауруханаға жеткізілді. Қаскүнем өз-өзіне қол салып көз жұмды. Оның бұл әрекетіне не себеп болғаны белгісіз, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қаскүнем шабуылын кешкі сағат 11-де жасаған. Индианаполистегі FedEx Хабында 4 500-ден астам адам жұмыс істейді. Бұл – компанияның жаһандық желісінің үлкендігі бойынша екінші орында тұрған орталығы.

Тура бір ай бұрын Атлантадағы Жоржия штатында үш массаж салонында болған атыс-шабыс салдарынан жалпы алғанда сегіз адам мерт болды. Наурыз айының соңында Колорадо штатындағы Боулдер қаласының орталығында ер адам он адамға оқ атып өлтірген, олардың арасында полиция қызметкері де болды.


Соңғы жаңалықтар