Ақсу-Жабағылы тауларында Қызыл кітапқа енген қоңыр аю видеоға түсіп қалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы Ақсу-Жабағылы қорығында Тянь-Шань қоңыр аюының видеосы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аюды блогер Айбар Төлеубеков камерасы бар дронның көмегімен түсіріп алған.

«Біз Ақсу-Жабағылы қорығының аумағына кірмес бұрын рұқсат алдық. Біздің мақсатымыз - табиғаттың сұлулығын түсіру болды. Дронмен видео түсірген кезде аю мен оның қонжығы кездейсоқ түсірілгенін байқадым», - деп бөлісті видео авторы.

Табиғат туралы Tabigat Media онлайн-басылымның мәліметінше, қоңыр аюдың шағын түрі саналатын Тянь-Шань қоңыр аюы видеоға түскен.

Ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Ақсу-Жабағылы – Қазақстандағы ең ескі және ЮНЕСКО биосфералық қорығы мәртебесін алған Орталық Азиядағы бірінші қорық.

Ол Батыс Тянь-Шань сілемдерінде теңіз деңгейінен 1 000-нан 4 280 метрге дейінгі биіктікте орналасқан.


Соңғы жаңалықтар