Ақтау қаласының көшелері дезинфекцияланды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда коронавирустың алдын алу мақсатында орталық жолдарға дезинфекция жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 1-шағын ауданнан бастап 17-шағын ауданға дейінгі №3-ші жол (5 шақырым 600м) және «Ынтымақ» алаңынан бастап Ақшұқыр плакатына дейінгі №18-ші (6 шақырым) жол залалсыздандырылды.

Шараға 5 арнайы техника жұмылдырылды. Оның 3-еуінің сыйымдылығы 9 текше метр, екеуі 12 текше метрді құрайды. Әрқайсысына арнайы мамандардың нұсқауымен берілген препараттар қосылды.

Айта кетейік, бұл іс-шаралар жоспарға сай іске асады. Алдағы уақытта шағынаудан ішін залалсыздандыру жоспарда тұр.


Соңғы жаңалықтар