Ақтау және Құрық порттары арқылы қанша жүк тасымалданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы Ақтау және Құрық порттары арқылы 5,4 млн тонна жүк тасымалданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінше, экспорт 3 680,3 млн тоннаға жеткен. Осы орайда мұнай, астық, металл тасымалданды.

Ал импорттың үлесі 815,6 мың тоннаны құрады. Бұл тұрғыда халық тұтынатын тауарлар, тамақ өнімдері, цемент, жабдықтар және басқа да материалдар жеткізілді.

Мұнымен қоса, транзит көлемі 842,1 мың тонна шамасында болды.

Бұл ретте халық тұтынатын тауарлар, темекі өнімдері, мұздатылған ет(құс), тоқыма бұйымдары, медициналық құралдар, азық-түлік, дәмдеуіштер, жабдықтар, химикаттар, құрылыс материалдары және бас да заттар өткізілді.


Соңғы жаңалықтар